21:38, 15 Қараша 2023 | GMT +5
Текелі қаласында 2 балдық жер сілкінісі болды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 15 қараша, сағат 20:17 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Каzinform.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9.
MPV магнитудасы — 5.2.
Жер сілкінісінің координаттары — 44,69° c.e. 80,42° ш. б.
Тереңдігі — 5 шақырым.
«Зілзаланың күші Жетісу облысының Текелі қаласында 2 балл көлемінде сезілген» дейді стансадан.