Текеліде 30 жасар алматылықтан қару арсеналы табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Полицейлер Алматы облысы Текелі қаласындағы жедел іздестіру шаралары барысында ер адамды құрықтады. Оның көлігінен екі аңшылыққа арналған шолақ мылтық, «Оса» травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранатасы, бәкі, түрлі калибрлі 139 оқ, гранатаның тұтандырғышы мен АК-47 магазині табылып, тәркіленді.
None
None

Факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іске сезікті ретінде Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар