Теміртауда әйел автобус астына түсіп, қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында бағдарлық автобустың жүргізушісі әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Полицияның ақпаратынша, қайғылы оқиға бүгін таңертең Теміртаудағы автобус аялдамасында орын алды.

«Жолаушыларды соңғы аялдамада түсіру кезінде «Хюндай» маркалы жолаушылар автобусының 32 жастағы жүргізушісі бұрылу кезінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтін 34 жастағы әйелді қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар