14:20, 03 Қараша 2016 | GMT +5
Теміртауда табылған қолдар былтыр жоғалған жігітке тиесілі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы ІІД Теміртаудағы жан түршігерлік оқиға туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Теміртауда адам қолдарының табылу фактісі жөніндегі материал ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлімі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Жәбірленуші 2015 жылдың наурызынан бері жоғалғандар тізімінде», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Қылмысты ашу үшін Теміртау ІІБ жетекшілігі жедел-тергеу тобын құрды. «Күдіктіні анықтау және ұстауға арналған шаралар жүргізіліп жатыр», - деді Б.Құдияров.
Мәлім болғандай, ҚР Ұлттық гвардиясының кинолог-маманы Теміртау қаласындағы үйлердің бірінен адамның екі қолы салынған құрылыс қапшығын тауып алды.