Темірлан Тілеулес таеквондодан Азиаданың финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық таеквондошы Темірлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты.
Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында оңтүстіккореялық Ан Хянсикпен кездесті. Тартысты жекпе-жекте Темірлан 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды.
Темірлан Тілеулестің финалдағы қарсыласы Курт Брайан Барбоса (Филиппин) болмақ.
Айта кетейік, Начын Куулар Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында жарқын камбэк жасап, қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында омниум сайысынан күміс жүлдегер атанды.