Теннессиде бортында 20 адам болған ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні түсте Теннесси штатындағы әуежай маңында бортында 20 адам болған қос моторлы бұрандалы ұшақ апатқа ұшырап, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ABC News.

Полицияның мәліметінше, апат ұшақ Таллахома әуежайынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай Теннесси штатындағы Таллахома қаласында, Нэшвилден оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 77 миль жерде жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 12:30 шамасында болды.
Теннесси жол патрулі әлеуметтік желіде жариялаған суретте ұшақтың құлағаннан кейін тұмсығы жерге қадалып, бір қанаты жоқ екені көрініп тұр.
Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Ұшақ бортындағы алты жолаушы ауруханаға жатқызылды, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр. Зардап шеккендердің екеуі тікұшақпен, төртеуі көлікпен жеткізілді. Биліктің мәліметінше, ұшақ бортында парашютшілер болған.
Апаттың себебін АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы тергеп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Сан-Диегода ұшақ апатынан адамдар қаза тапты.
Ал Калифорнияда шағын ұшақ тұрғын үйлерге соғылды.