Теннис: Анна Данилина Чарльстон турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирін жеңіспен бастап, ірі доданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлемнің жұптық сындағы 21-ракеткасы А.Данилина Беларусь өкілі Александра Сасновичпен бірге алғашқы айналымда словакиялық Тереза Михаликова – чехиялық Квета Пешкемен ойнады.

Қазақстандық-белоруссиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Анна мен Александра 1 сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын өз есептеріне жазды. Қарсыластары 2 брейктен аса алған жоқ.

А.Данилина мен А.Саснович жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Каролин Долхайд – қытайлық Чжан Шуаймен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Аустралияға жол бергенін, Александр Недовесовтің Мароккодағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев Мароккодағы турнирдің жартылай финалында.

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты.







Соңғы жаңалықтар