Теннис: Кукушкин Дубай турнирінде ойнаудан бас тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 39- ракеткасы Михаил Кукушкин Дубай турнирінде ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші оң иығын ауырсынуына байланысты осындай шешімге келді.

Жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына жуықтайтын Дубай турнирінде М.Кукушкинді лаки-лузер ретінде шақырылған әлемнің 96-ракеткасы, чехиялық Иржи Веселы алмастырды. Биыл әлемнің 6-ракеткасы, жапониялық Кей Нисикори бастаған мықты теннисшілер қатысып жатқан Дубай турнирі 2 наурызда мәреге жетеді.

Өткен жылы испаниялық Роберто Баутиста-Агут бұл жарыстың жеңімпазы атанған болатын.

Тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 153-ракеткасы Александр Бублик Рау (Франция) челленджер турнирінің екінші айналымында рейтингте 460-орындағы испаниялық Хавьер Косано Барранкомен шеберлік байқасады.

Ал әйелдер арасында Индиан-Уэллстегі челенджер турнирінің екінші айналымында қазақстандық Зарина Дияс ұлыбританиялық, әлемнің 111-ракеткасы Хитер Уотсон немесе қытайлық, рейтингте 169-орындағы Хань Син-Юньнің бірімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Марсель турнирінің финалында жеңіліп қалғанымен, әлемдегі үздік қырық теннисшінің қатарына енгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар