Теннис: Қытайлықтарды ұтқан Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Федерация кубогы үшін іріктеу сайысының финалында Қазақстан мен Қытай матчында соңғы ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұптық кездесуде Қазақстаннан Галина Воскобоева мен Анна Данилина, Қытайдан Чжэн Сайсай мен Чжаосюань Ян шықты.

Матчта есепті теңестіргеннен кейін шешуші бәсекеге қытайлықтар өзгеріс енгізіп, үздіктерін қосты.

Бірінші партияда есеп 5:5 болғанда, қазақстандық жұп брейк жасай алды. Содан кейін өз геймдерін құр жібермеді - 7:5.

Екінші сетті Воскобоева мен Данилина брейкпен бастап, өз геймдерін де алды - 2:0. Тағы бір брейк - 3:0. Тағы да брейк - 5:0. Бұдан кейін қазақстандық жұп қарсыластарына ес жиғызбады - 6:0.

Осылайша Қытай құрамасын 2:1 есебімен қазақстандықтар (капитаны Диас Досқараев) екінші Әлемдік топтың плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Еске сала кетейік, Астанада өтіп жатқан Федерация кубогы үшін іріктеу кезеңінде Қазақстан - Үндістан матчын Зарина Дияс жеңіспен бастап, Юлия Путинцева жалғастырды. Сондай-ақ Галина Воскобоева мен Анна Данилина жұптық кездесуде ұтты, ал ерлер арасында Александр Бублик Будапешт турнирінің жартылай финалына шықты. Бүгін Зарина Дияс қарсыласын тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар