18:48, 27 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Теннисші Анна Данилина Astana Open турнирін жеңіспен бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Astana Open WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, А.Данилина ресейлік Анна Блинковамен бірге бастапқы кездесуін қазақстандықтар Жібек Құламбаева - Гөзал Айнитдиновамен өткізді.
1 сағат 17 минутқа созылған матчта бірінші сетте Данилина мен Блинкова басымдық танытты - 6:3.
Екіншісінде қазақстандықтар бір де бір гейм берген жоқ - 6:0.
Гөзал мен Жібек супер тай-брейкті де әдемі бастап, сенсация жасайтындай көрінген.
Дегенмен тәжірибелі қарсыластары күш алып кетті - 10:8.
Осылайша қазақстандық-ресейлік жұп екінші айналымға өтті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың ATP рейтингісінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін, Astana Open турнирінде Жібек Құламбаеваның екінші айналымға шыға алмағанын жазған болатынбыз.