Теннистен Билли Джин Кинг кубогі: Жапония 2:0 есебімен алға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчында Жапония 2:0 есебімен алға шықты.

Теннис
Фото: Pyxabay.com

Бүгін екінші болып «Үлкен дулыға» турнирінің төрт мәрте чемпионы Наоми Осака мен Қазақстанның екінші, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін төрт рет кездесіп, соның үшеуінде қазақстандық теннисші жеңген еді.
Сәбилі болуына байланысты үзілістен кейін кортқа қайта оралған Осака қазіргі кезде әлемдік рейтингіде 193-орында тұр.
Бұл жолы бірінші партияда Осака екі брейкке қол жеткізді – 6:2.
Екінші сетте жапониялық теннисші тай-брейкте матчболын құр жіберген жоқ – 7:6 (7:5).
Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында Осаканың 15 эйс жасауы оның жеңіске жетуін оңайлатты. Сондай-ақ ол 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Путинцева 4 эйс жасағанымен, 3 брейк-пойнтты мүлт жіберді.
Енді ертеңге үш кездесу жоспарланған. Жапониялықтарға бір жеңіс жетіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Мексикадағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.
Теннистен Жапониямен матч қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды.
 

Соңғы жаңалықтар