Теннистен Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Лондон қаласында 2026 жылғы теннистен Билли Джин Кинг кубогы іріктеу сайысының жеребесі тартылды.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандықтар командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өту үшін Астанада Канада құрамасымен ойнайды.
Қос команда арасындағы матч 10-11 сәуір күндері Астана қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтеді.
Канада — 2023 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алған мықты құрамалардың бірі.
Іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Шевченко Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді.