15:40, 01 Ақпан 2025 | GMT +5
Теннистен Дэвис кубогы: Пәкістанмен матчта Қазақстан алға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобында Қазақстан мен Пәкістан арасында плей-офф матчі өтіп жатыр.

Кортқа бірінші болып әлемнің 75-ракеткасы Александр Шевченко мен рейтингіде орны жоқ Музамиль Муртаза шықты.
Бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкпен алға озды — 6:2.
Екінші сетте Шевченконың басымдылығы айқын көрінді — 6:1.
Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.
Бүгін сондай-ақ Бейбіт Жұқаев өз кездесуін өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Дэвис кубогында Қазақстан — Пәкстан матчының жеребесі тартылғанын жазған едік.
Сондай-ақ Анна Данилина Аустриядағы жарыстың финалынан тыс қалды.
Александр Бублик чемпиондық атағын қорғай алмады.