Tesla Берлинде адам тәрізді робот Optimus-ты таныстырды
АСТАНА. KAZINFORM — Робот сауда орталығында попкорн таратып, шыршаға арналған шарларды ұстатып, келушілерге қошемет көрсеткен, деп хабарлайды DW.
Tesla мәліметінше, биіктігі 1,73 м болатын Optimus қауіп тудырмайтын, қарапайым жұмыстарды орындауға қабілетті: тазалау, тамақ әзірлеу және қоймада істелетін жұмыстар.

Қазіргі уақытта робот Tesla-ның Калифорниядағы зауытында аккумулятор батареяларын сұрыптап, электромобильдерді жинау желісінде көмек көрсетіп жатыр.

Компанияның айтуынша, Optimus нәзік заттарды да ұстай алады, «нақты көру және навигация» жүйесі бар, сондай-ақ тегіс емес жерлерде де қозғала алады.
Tesla роботты шамамен бір жылдан кейін сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. Бағасы 20-25 мың доллар болады.
Айта кетелік астаналық оқушы 1 минутта кубик рубик жинайтын робот жасап шығарғаны туралы жазған едік.