Қазақстанның Ибраһим келісіміне қол жеткізудегі прагматикалық жолы - The Washington Post

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін таңертең The Washington Post басылымында «Қазақстанның Ибраһим келісіміне қол жеткізудегі прагматикалық жолы» атты ауқымды мақала жарияланды.

трамп токаев
Фото: Ақорда

Мұнда басылым пікірінше, Қазақстанның аталған келісімге келуіне негіз болатын жәйттер жан-жақты талданған. Қазақстанның бұл қадамы мұқият ойластырылған, прагматикалық, жан-жақты есеппен жасалған әрекет ретінде бағаланған. Сондай-ақ президенттің дипломатиялық шеберлігі мен стратегиялық ойлау қабілеті бірнеше рет ерекше аталған. Мақалада ең алдымен бұл шешімге Вашингтондағы кей сарапшылар таңқалғаны айтылады.

Сонымен қатар, Қазақстанның не себепті Ибраһим келісімдеріне қосылғанына қатысты сұрақтар туындағаны сөз болған. Кейбіреулер бұл қадамды Трампқа арналған дабыл деп бағаласа да, мақалада Қазақстанның прагматикалық мақсатты көздегені көрініп тұр. Ал Қазақстан қабылдаған шешімдер өте нәзік геосаяси жағдайда тұрған мемлекеттің ұтымды әрекеті ретінде көрсетіледі.

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қатысуы мен Ақ үйде өткен кездесулері Мәскеу мен Бейжіңге өз елінің тәуелсіз саясат жүргізіп отырғанын білдіреді делінген.

Мақала «Ибраһим келісімдеріне қосылу – Вашингтонның оң назарын аудару үшін ойластырылған, прагматикалық қадам» деп қорытындыланған.

Мақалада C5+1 кездесуінен бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қысқа сұхбатқа сілтеме жасалған. Сондай-ақ, екі сарапшының пікірлері келтірілген. Олар Қазақстанның шешімін теңдестірілген, тиімділігі жоғары, сыртқы саясатта қарым-қатынасты әртараптандыруға арналған деп көрсетеді.

Сонымен қатар, АҚШ-тың ұстанымы да қарастырылған: «Трамп Қытайдың үстемдігіне қарсы тұру үшін маңызды минералдарды жеткізудің жаңа жолдарын құруға баса назар аударады» делінген.

The Washington Post үшін бұл өте маңызды материал, және C5+1 сапары АҚШ-та маңызды қадам ретінде қабылданды, сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-пен ынтымақтастықты кеңейтуге нақты дайын екенін көрсетті.

Осыған дейін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа сапары барысында жасалған келісімдер туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар