Тіл саясатының дамуына белсенді қатысқаны үшін 18 ақтөбелікке ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етілді

Қазақ тілінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Есмахан Әбдіраш, ақын Гүлсамал Аймаханова және әділет департаментінің маманы Маргарита Асадулова ерекше аталып өтті.
Хирургия саласында бірқатар қазақ тілінде кітаптарды жарыққа шығарғаны үшін Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Нағашыбай Ақатаев сыйлықпен марапатталды.
Өткізілген қазақ тілі саясатының шарасын ұйымдастырғаны үшін Алғын балалар үйінің 11 сынып оқушысы Ольга Юхно, гуманитарлық колледждің оқушысы Надежда Березан, Қобда ауданы Өтек ауылының жұмысшысы Николай Шарапов ерекше аталып өтті.
Қазақ тілін жетік меңгергені үшін сал болғандарды қорғау қоғамының мүшесі Виктория Кваша, ұлттық терминдерді қалыптастырғаны үшін пединституттың оқытушысы Балкенже Қарағұлова, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету барысында озық әдістерді қолданғаны үшін педагогика ғылымдарының докторы Бақтыгүл Құрманова марапатқа ие болды.