Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі Консепсьон ATP Challenger Tour турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 203-ракеткасы, аргентиналық Факундо Диас Акостамен шеберлік байқасты.

Т.Скатов бірінші партияда 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте аргентиналық теннисші жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Тимофей Скатов спорттық жолында үшінші рет челленджер жарысының финалына шықты.

Жүлде қоры 130 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында Т.Скатов әлемнің 76-ыншы, доданың бірінші ракеткасы, тағы бір аргентиналық Федерико Кориамен бас жүлдені сарапқа салады.

Соңғы бәсеке 29 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 19.00-де басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Чилидегі жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында жеңімпаз бола алмады.

Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілерден алғаш болып әлемде 10-орынға көтеріледі.

Фото - Қазақстан теннис федерациясынан


Соңғы жаңалықтар