Тимофей Скатов Уимблдонда іріктеу турнирінде бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші, әлемнің 138-ракеткасы Тимофей Скатов Уимблдонда іріктеу турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші бүгін алғпшқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған бельгиялық Киммер Коппеянспен өткізеді.

Т. Скатов сәтті өнер көрсетсе, негізгі турнирге жолдама алады.

Биылғы үшінші «Үлкен дулыға» жарысына Қазақстаннан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик қатысады.

Жұптық сында Анна Данилина, Александр Недовесов және Андрей Голубев Уимблдон кортына шығады.

Осы аптада Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Мальорка (Испания) ATP 250 додасында өнер көрсетеді.

Бесінші ракетка болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте 72-сатыдағы испаниялық Альберт Рамоспен шеберлік байқасады.

Мұнда өткен жылы әлемнің 5-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас үздік шыққан еді. Ол биыл сол чемпиондық атағын қорғайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің алғаш рет ірі жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Елена Рыбакинаның Истборн турниріндегі қарсыласы белгілі болды.

Александр Бублик әлемнің 27-ракеткасы атанды.


Соңғы жаңалықтар