07:47, 09 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Тынық мұхитында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Дүйсенбі күні Гринвич уақыты бойынша cағат 21:47-де Вануату аймағында күші 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 21,09 градус оңтүстік ендік және 173,80 градус шығыс бойлық координаттары бар нүктеде тіркелген. Гипоцентрі 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Бұған дейін Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында магнитудасы 6-ға жететін жер сілкінісі болғанын жазған едік.
Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2200-ден асты.