Тынық мұхитында магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Тынық мұхитындағы Эспириту-Санто аралының батыс жағалауында 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 24 қазанда Астана уақытымен сағат 07:31–де (Гринвич уақытымен 02:31–де) болған.
Оның эпицентрі оңтүстік ендіктің 14,05 градусы мен шығыс бойлықтың 165,52 градусында орналасқан. Жер сілкінісі 10 км тереңдікте тіркеліп, магнитудасы (Mb) 7 деп бағаланды.
Адам шығыны мен ғимараттың қирағаны туралы мәліметтер түсіп жатыр.
Бұған дейін Ресейде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын.