Тікұшақ апаты: Ақтөбе әкімінің орынбасары зардап шеккендердің жағдайын білді

АСТАНА. KAZINFORM — Өңір басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан Ақтөбедегі Көпсалалы облыстық ауруханаға барды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Фото: Видеодан скриншот

Мұнда ол Сарыжар ауылы маңында орын алған тікұшақтың апатты жағдайда қонуынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді.

Дәрігерлердің айтуынша, екі азамат қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр деп бағалануда.

«Бүгінгі жағдайға байланысты марқұм болған азаматтың ата-анасына, ағайын-туысына, жақындарына көңіл айтамыз. Жаңа ғана марқұмның отбасына барып, көңілімізді білдірдік. Облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігін жеткіздік. Аталған мәселе бойынша іс қозғалып, тиісті шешімдер қабылданады»,  — деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында.

Еске салайық, бүгін Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы маңында тікұшақ апатты жағдайда қонды.

Жапа шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бір адам 103 қызметі келгенге дейін қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар