15:00, 13 Наурыз 2013 | GMT +5
ТМД бойынша «Іздеу» жедел іздестіру шарасы өтуде
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - 12-14 наурыз аралығында ТМД елдерінің ішінде «Іздеу» жедел алдын-алу іс-шарасы өтуде. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның хабарлауынша, бүгіннің өзінде іздеуде жүрген 116 қылмыскер қолға түсті. «ТМД елдерінің берген бағыт-бағдары бойынша көршілес мемлекеттерде іздеу жарияланған 18 қылмыскер Қазақстанның аумағында құрықталды. «Мәселен, Ресей Федерациясының Челябі облысы бойынша іздеу жариялаған Хафизов атты қылмыскер Астана қаласында құрықталды. Ал Батыс Қазақстан облысы бойынша іздеуде жүрген Проказов деген азамат Орынбор қаласында ұсталса, Мәскеу облысының Дмитров қаласында қостанайлық Ковальков қолға түсті», - дейді Н.Ораз.