«Тобыл» Қазақстан кубогы 1/16 финалында жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы Қазақстан кубогы 1/16 финалындағы үш ойынның нәтижесі белгілі болды.

«Тобыл» футбол клубы
Фото: «Тобыл» футбол клубы

Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алады. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатыса алады. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталады.
Жарыстың бұл кезеңіндегі ойындар 8 және 9 сәуір күндері өткізіледі.

Өз алаңында «Талас» «Қайсарға» 0:2, «Жас Қыран» «Атырауға» 0:4, «Аңсат» «Тобылға» 0:8 есебімен жеңілді.

Дәл қазір «Академия Оңтүстік» — «Ордабасы», «Жайық» — «Қайрат», «БКС» — «Астана» ойындары өтіп жатыр.

Сондай-ақ Қазақстан уақытымен 18:00–де «Тұран» — «Елімай», 19:00–де басталады «Қаршыға» — «Жетісу» ойыны басталады.

Ал ертең, 9 сәуірде 14:00–де «Zhelaev Nan» — «Алтай», «Хромтау» — «Жеңіс» кездесуі өтсе, 15:00–де «Арыс» — «Ақтөбе», «Батыр» -«Каспий», «Шахтер» — «Оқжетпес», «Тараз» — «Ұлытау» жасыл алаңға шығады.

Жарыстың бұл кезеңіндегі ойындарды 16:00–де «Хан тәңірі» — «Қызылжар» түйіндейді.

«SD Family» командасының биыл біріншілігіне қатысуына байланысты «Ертіс» 1/8 финалына бірден жолдама алды.

Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) — 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) — 1 мәртеден жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар