Тобылда жылу мен судың тарифі арзандады

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы орган Тобыл кентінің тұрғындарына жаңа тариф енгізуге қол жеткізді. «Тобыл» МКК жылумен, сумен жабдықтау және су бұру тарифін арзандататын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Тобылда жылу мен судың тарифі арзандады
Фото: из открытых источников

Атап айтқанда, «Тобылдың» тарифтік сметаны орындамай, 2022 жылға 79 млн теңге мөлшерінде амортизациялық аударым қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны анықталды.

Тұрғындарға келген залалды өтеу мақсатында «Тобыл» 1 қазаннан бастап тарифті 4 547,33 теңгеден 3 655,60 теңгеге дейін, ал кәсіпкерлер үшін 5 784,14 теңгеден 4 649,87 теңгеге дейін төмендететін болды.

Сондай-ақ сумен жабдықтау тарифі 524,95 теңгеден 408,19 теңгеге дейін және су бұруға 266,08 теңгеден 234,84 теңгеге дейін арзандайды. 

Осылайша Тобыл кентінің 2 мыңнан астам абонентінің, оның ішінде 87 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Соңғы жаңалықтар