«Тобыл» өз алаңында «Ақсу» командасын жеңді

Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасымен кездесті.
Ойын барысында қостанайлық клубтың басымдығы байқалып тұрды. Команда құрамынан биыл бірқатар футболшы өзге ұжымдарға ауысып кетті. Соған қарамастан, бүгінгі кездесуде жинақы қимыл көрсетті.
Алдымен, «Тобыл» сапынан Милан Вукадинович 9, Ислам Чесноков 59-минуттарда гол соқса, оған 66-минутта «Ақсу» ойыншысы Тони Силва бір голмен жауап берді.
Қорытынды есепті 91-минутта қостанайлық командадан Серж Дебле белгіледі.
Осылайша, кездесу «Тобылдың» басымдығымен 3:1 есебімен аяқталды.
Дәл қазір елордада «Астана» мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуі өтіп жатыр.
Сондай-ақ, бүгін «Ордабасы» өз алаңында «Каспийден» басым түссе, «Ақтөбе» сырт алаңда «Жетісуды» сүріндірді.
Ертең, 5 наурызда «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Қайрат» (Алматы) пен «Атырау», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.