Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM — Президент — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.
Жиын Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Еске салайық, бұған дейін Президент Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі лауазымынан босатқанын хабарлаған едік.
Оның орнына Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Президент жаңа министрге әскери басқару жүйесін жетілдіруді тапсырды.