Тоқаев елімізде әлеуметтік саланы дамыту бағытында қолға алынған шараларға тоқталды

ТАРАЗ. KAZINFORM — 2019 жылдан бері 1289 жаңа мектеп салынды. Соның 130-дан астамы осы жылы бой көтерді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлімдеді.

Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті аяқталды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Оның айтуынша, біз өркениетті ел болу үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Атап айтқанда білім беру саласына бөлінетін қаражат үш есе көбейді. Ғылымға салынған инвестиция бес жылда 5 есе өсті.

— 2019 жылдан бері 1289 жаңа мектеп салынды. Соның 130-дан астамы осы жылы бой көтерді. Білім беру саласына бөлінетін қаражат үш есе көбейді. Ғылымға салынған инвестиция бес жылда 5 есе өсті. Қазақстанда шетелдің 33 университетінің филиалдары ашылды. Жас ғалымдарға баспана беріліп жатыр. Сондай-ақ ұлт саулығын жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Мұны рекордтық көрсеткіш деуге болады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы табысты жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында 646 амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұған қоса, 32 аудандық аурухана заман талабына сай көпбейінді орталық аурухана ретінде жаңғыртылып жатыр, — деді Президент.

Бұдан бұрын Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысқанын жазған едік.

Сонымен қатар Тоқаев ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім соңғы он жылда 2,5 есе өскенін айтты.

Соңғы жаңалықтар