Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды, — делінген хабарламада.




Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентін Ақордада қарсы алған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті. Елорда көшелерінің біріне Марко Поло есімі беріледі. Бұл туралы Ақордада Италия Президенті Серджо Маттарелламен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Сондай-ақ Астанада Италия мәдени орталығы ашылады. Президент Қазақстан өз нарығында жұмыс істеуге ниетті Италия компаниялары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтқан еді.