Тоқаев Орталық Азия елдерін «Биоотын» жаһандық альянсымен байланыс орнатуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия — Италия» бірінші саммитінде аймақ елдерін «Биоотын» жаһандық альянсымен байланыс орнатуға шақырды.

Орталық Азия - Италия саммиті
Фото: Ақорда

 — Дей тұрғанмен қазір келешек баламалы энергетика саласында екені айқын көрініп отыр. Көміртегінің үлесі төмен экономикаға жоспарлы түрде көшу — Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі. Біз италиялық серіктестерімізге еліміздің бірқатар өңірінде күн және жел электр стансаларын салу жөніндегі жобаларды іске асырғаны үшін разымыз, — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Италия заманауи технологиялардың иесі ретінде Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасын көміртексіздендіруге атсалысып отырғанын атап өтті.

— Өңірдегі жасыл жобаларды қолдау үшін және осы бір көміртексіз отынның жеткізу тізбегін құру үшін құрылтайшысы Италия болып отырған «Биоотын» жаһандық альянсымен байланысты жолға қою ұсынылады, — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орталық Азия — Италия» алғашқы саммиті өтіп жатыр. 

Сондай-ақ, бүгін түске дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Астана халықаралық форумының екінші күніндегі пленарлық сессияға қатысты

Бұдан кейін Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі Ақордадағы келіссөз қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдаған болатын

Соңғы жаңалықтар