Тоқаев Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты. 

Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 

Еске салайық, бұған дейін Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 34 оқушы мен мұғалім мерт болғанын хабарлаған еді.