Тоқаев Qarmet бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qarmet акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдің өндірістік және индустриялық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мына азаматтар марапатталды:
«Құрмет» орденімен
- Измер Александр Сергеевич — «Karaganda Komir» ЖШС «Тентек» шахтасының бригадирі, Қарағанды облысы;
- Ыдырысов Зейнолла Сұлтанұлы — «Qarmet» АҚ цех шөмішшісі, Қарағанды облысы.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
- Абюров Жамбыл Мелісұлы — «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігі «Батыс Қаражал» шахтасының үңгілеушісі, Ұлытау облысы;
- Баулекова Гуля Кәлкенқызы — «Karaganda Komir» ЖШС «Қазақстан» шахтасының электр слесары, Қарағанды облысы;
- Жанаев Марат Бөкенұлы — «Karaganda Komir» ЖШС И. А. Костенко атындағы шахтасының электр слесары, Қарағанды облысы;
- Иванов Игорь Владимирович — «Qarmet» АҚ инженері, Қарағанды облысы;
- Қынаев Бекболат Қынайұлы — «Qarmet» АҚ ауысым бастығы, Қарағанды облысы;
- Хан Валерий Васильевич — «Karaganda Komir» ЖШС В. И. Ленин атындағы шахтасының директоры, Қарағанды облысы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
- Алшымбеков Сансызбай Қожагелдіұлы — «Өркен» ЖШС «Өркен-Атансор» өкілдігі ұсақтау-байыту фабрикасының шебері, Ақмола облысы;
- Ахметов Арман Ерсайынұлы — «Qarmet» АҚ жетекші инженері, Қарағанды облысы;
- Байжанов Рафхат Мамыртайұлы — «Karaganda Komir» ЖШС «Шахтинск» шахтасының кеншісі, Қарағанды облысы;
- Захаров Дмитрий Витальевич — «Qarmet» АҚ жетекші инженері, Қарағанды облысы;
- Иванов Константин Владимирович — «Qarmet» АҚ цех бастығының орынбасары, Қарағанды облысы;
- Колесов Сергей Александрович — «Qarmet» АҚ қызмет бастығы, Қарағанды облысы;
- Фомина Татьяна Николаевна — «Өркен» ЖШС Лисаков филиалының кран машинисі, Қостанай облысы.
Салтанатты іс-шарадан соң Президент кәсіпорын жұмысшыларымен емен-жарқын әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құю-илемдеу кешенінің құрылысы басталуына орай орнатылған ескерткіш тақтаға қол қойды.
Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауға жұмыс сапары барысында Qarmet акционерлік қоғамының ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізгенін хабарлаған едік.