Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы — Nishan-e-Pakistan ордені табысталды
ИСЛАМАБАД. KAZINFORM — Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады.

Жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштерінің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Осыдан бұрын Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізгенін жазған едік.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысты. Оның қорытындысы бойынша 200 млн долларға жуық 30-дан аса келісімге қол қойылды.