09:14, 19 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Токио губернаторы Қазақстан Президентін қазақ тілінде қарсы алды
АСТАНА. KAZINFORM — Токио губернаторы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды, деп жазды Ақорданың ресми дереккөзі.
- Токио губернаторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қош келдіңіз!» деп қазақ тілінде жылы шырай таныта қарсы алды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Астана әкімі мен Токио губернаторы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.