Токио мэриясы Қазақстан туының түсіне боялды
ТОКИО. KAZINFORM – Токиодағы мэрияның зәулім ғимараты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары құрметіне және Орталық Азия елдерінің саммиті қарсаңында Қазақстанның көк туының түсіне боялды. Бұл туралы БОРТ1 әлеуметтік желісінде жарияланды.
Токиодағы көрікті орындардың бірі – мэрияның зәулім ғимараты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары құрметіне және Орталық Азия елдерінің саммиті қарсаңында Қазақстанның көк туының түсіне боялды.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Сонымен қатар Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады.
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне ресми қабылдау өтті. Кейін Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті және Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті.