Төреғали Төрәлі көлік рулінде отыр – фейк

None
Фото: instagram.com/toregalitoreali
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әнші Төреғали Төреәлі әкімшілік жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде көлік айдау құқығынан 7 жылға айрылған Төреғали Төрәлінің машина жүргізіп бара жатқаны туралы ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Әнші әкімшілік жазасын өтеп жатыр, оның көлік жүргізіп жүргені туралы ақпарат жалған», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны хабарланған еді. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екені расталды. Сол күні көлік жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды. Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкінетінін айтқан.

Пабликтер ресми ақпаратта «А. есімді азамат» деп берілген көлік жүргізушінің Төреғали Төрәлі (Алиханов – ред.) екенін жаппай жазды. Ал, Төреғали Төрәлінің қарындасы әлеуметтік желіде ағасы туралы тараған ақпараттың жалған екенін жазды.

Кейін Төреғали Төрәлінің изолятордағы 20 күндік жазасына тағы үш күн қосылды.


Соңғы жаңалықтар