«Торпедо» хоккей клубы Континенталды кубок ойындарына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) командасы Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтетін шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарына қатысады.
Дүбірлі дода 14 қаңтар күні жалауын көтереді. Ойындар алдымен екі топта айналмалы жүйе бойынша жүргізіледі. Қазақстандық команданың қарсыластары қатарында «Анже Дакс» (Франция) және«Хернинг Блю Фокс» (Дания) командалары бар.
Екінші топта «Ноттингем Пантерс» (Ұлыбритания), ГКС Катовице (Польша) және «Мого» (Латвия) клубтары шеберлік байқасады.
Әрбір топтың жеңімпазы финалдық кезеңде алтынға таласады. Екінші орын алған клубтар қола жүлдені сарапқа салады. Топтық кезеңде үшінші орынды місе тұтқан ұжымдар турнирдің бесінші орны үшін мұзайдынға шығады.
«Торпедо» хоккей клубының ойын кестесі
15 қаңтар.19:30. «Хернинг Блю Фокс» - «Торпедо»
16 қаңтар. 19:30. «Торпедо» - «Анже Дакс»
Финалдық кезең:
17 қаңтар. 16:00. 5- орын үшін ойын
17 қаңтар. 20:00. 3-орын үшін ойын
18 қаңтар. 00:00 (17 қаңтардан 18-не қараған түні). Финал.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан хоккей құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды.