04:03, 10 Маусым 2025 | GMT +5
Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

- 2025 жылғы 10 маусымда Ақтөбе қаласында, түнде Қостанай, Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауатыны туралы хабарланды.