Төтенше жағдайлар комитеті Алматыда сел жүру себебін атады
«Безымянное» көлі Қарғалы өзенінің бассейнінде №8 мұздық астында орналасқан. Су көлемі босағанға дейін шамамен 40 мың текше метрді құраған. Бірнеше күн қатарынан жоғары температураның сақталуына байланысты жоғары таулы аймақта мореналық көл ішіндегі термокарстық үрдістер салдарынан жаңа моренаішілік ағын арналары бойымен көлдің босауы орын алған», деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Көл қазандығының бөгеті бұзылмаған. Секундына 5 текше метр шығынмен көлдің босаңсуы мореналық көл аяғында сел ағынын қалыптастырған. Одан әрі ұлғая түскен шығындар борттарды қирата отырып, өзен арнасының деформациясына әкелді.
Бұл ретте, «Безымянное» көлінен 3 шақырым қашықтықта төмен орналасқан Қарғалы өзені арнасында селден қорғау бөгеті 20-30 мың текше метр тас аралас лайды ұстап қалған.
Төтенше жағдай аймағында ІІМ ТЖК бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдар мен осы жұмысқа тартылған басқа да ұйымдар күшімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Апат салдарын қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізу орнына ҚР Қорғаныс министрлігінің аэромобильдік әскері жеке құрамынан және радиоэлектроника, байланыс әскери-инженерлік институтынан қосымша 206 адам жіберілді.
Құтқару жұмыстарына барлығы 1879 адам, 311 техника, 2 тікұшақ тартылды.
«Қазселденқорғау» ММ Қарғалы өзені арнасынан судың өту жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде.