Трамп 20 елдің көшбасшысымен кездесуді жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM —  АҚШ Президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында 20 елдің көшбасшысымен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Report.

Трамп подал иск о клевете на $15 млрд против газеты The New York Times
Фото: Wikimedia

Америкалық көшбасшы бұл туралы Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты.

— Мен көптеген басшылармен кездесемін, шамамен жиырмадай. Барлығы кездескісі келеді, біз олардың кейбірімен кездесеміз, — деді ол.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясында басты шаралар 23-27 және 29 қыркүйекте өтетін жалпы саяси пікірталастар деп күтілуде. Осы кезеңде барлығы 195 делегация сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп жұмыс визасының төлемін 100 000 долларға дейін көтергенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар