Трамп 2028 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп көптеген адамдардың өзінен 2028 жылы мемлекет басшысы қызметіне қайта үміткер болуын сұрап жатқанын айтып, бұл туралы ойланып көретінін мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Трамп Үндістан мен Пәкістан бітімге келгені туралы хабарлады
Фото: АА

– Білесіздер, біз қайта сайланғымыз келеді. Көптеген адам маған соны ұсынады. Бұл туралы ойланамын, дегенмен бұл - өте күрделі мәселе, – деді ол Қатардағы Әл-Удейд америкалық әскери базасында сөйлеген сөзінде.

Америкалық көшбасшы бұл сөзін әзіл ретінде айтып, болашақ сайлауалды науқанға ұран ретінде: «Трамп-2028: солшылдарды есінен тандырайық» деген нұсқаны ұсынды.

Сонымен қатар, бұған дейін Трамп президенттікке үшінші мәрте сайлауға түсу ниеті жоқ екенін айтқан болатын.

АҚШ Конституциясына 1951 жылы енгізілген 22-ші түзетуге сәйкес, бір адам екі реттен артық мемлекет басшысы болып сайлана алмайды. Келесі президент сайлауы АҚШ-та 2028 жылы өтеді.

Бұған дейін 20 штат Трамп әкімшілігін сотқа бергенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар