Трамп АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің басшысын мөлшерлемені төмендетуге шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ішкі жалпы өнімінің екі тоқсан қатарынан өсуіне байланысты Федералдық резерв жүйесінің төрағасын пайыздық мөлшерлемені төмендетуге шақырды.

— Екінші тоқсанның ІЖӨ жаңа ғана жарияланды: 3 пайыз — күткеннен жоғары. «Кешіккен» мөлшерлемені төмендетуі керек. Инфляция жоқ! — деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Ол «Кешіккен» деп ФРЖ төрағасы Джером Пауэллді атады. Себебі Пауэлл бұған дейін мөлшерлемені түсіруден бас тартып, Трамптың бірнеше мәрте сынына ұшыраған болатын. Өз кезегінде Пауэлл мұндай шешімдерді АҚШ президентінің импорттық тарифтерге қатысты күтпеген қадамдарымен түсіндірген еді.
АҚШ Сауда министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың екінші тоқсанында елдің ішкі жалпы өнімі жылдық есеппен 3 пайызға артқан.
Бұған дейін Трамп егер одақтас елдер көптен күткен сауда келісіміне қол жеткізе алмаса, Үндістаннан келетін импортқа 25 пайыздық тариф енгізетінін мәлімдеген болатын.