Трамп: АҚШ Венесуэладағы айлаққа соққы жасағанын мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Венесуэладағы «кемелерге есірткі тиеліп жатыр» деп саналған айлаққа соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап хабарлады.
Бұл мәлімдеме Трамптың жұма күні радиоға берген сұхбатында АҚШ Венесуэлада «ірі нысанды жойғанын» айта келе, өз әкімшілігінің аймақтағы есірткі тасымалына қарсы әрекеттеріне, соның ішінде есірткі тасымалдайтын қайықтарға қолданған амалына жақсы баға бергеннен соң жасалды.
Трамптың сөзі шын болса, бұл Трамп әкімшілігінің Венесуэлаға қарсы компаниясы басталғалы бергі алғашқы құрлықтағы шабуылы болмақ.
— Олар онда қайықтарға есірткі тиейді. Біз сол қайықтарға соққы жасадық, енді бұл аймаққа да соққы жасап жатырмыз. Бұл — олардың сауда жасайтын аймағы. Енді ол аймақтың күл-талқаны шығады, — деді Дональд Трамп.
Бұдан бұрын Трамп АҚШ-тың мұнай мен танкерді Венесуэлаға қайтару жоспары жоқ екенін мәлімдеген еді.
АҚШ Венесуэланың мұнай тасымалдайтын 6 компаниясына санкция салды.
Өз кезегінде Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төтенше отырысын өткізуді сұрады.
Сонымен қатар Венесуэла президенті Мадуро елінің егемендігін қорғауға дайын екенін айтты.