Трамп G20 саммитіне бармайды, АҚШ атынан вице-президент қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп қараша айында Оңтүстік Африка Республикасында өтетін «Үлкен жиырмалықтың» (G20) саммитіне бармайтынын мәлімдеді. Оның орнына кездесуге АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қатысады, деп хабарлайды DW.

Трамп: все решения на переговорах будут принимать Путин и Зеленский
Фото: ТАСС

Трамптың айтуынша, 2026 жылғы G20 саммиті желтоқсанда Майами маңындағы Дорал қаласында орналасқан, өзіне тиесілі гольф-клуб пен қонақүй кешенінде өтеді.

— Иә, ол Доральде өтеді. Барлығы дәл сол жерде болуын қалайды, себебі курорт әуежайға жақын орналасқан. Бұл ең жақсы жер әрі тамаша, — деді АҚШ президенті, оның сөзін AFP агенттігі жариялады.

Республикалық саясаткердің айтуынша, саммитті ұйымдастырудан қаржылай пайда көздеу қарастырылмаған.

— Бұл ақшаға қатысты келісім емес, — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Трамп АҚШ-та өтетін саммитте Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинді қуана қабылдайтынын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар