Трамп ирандық шенеуніктермен кездеспейтін болды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Иран шенеуніктерімен барлық кездесулерді тоқтатқанын айтты, деп хабарлайды Синьхуа.

Трамп ирандық шенеуніктермен кездеспейтін болды
Фото: Синьхуа

Бұл хабарлама АҚШ президентінің Иранмен сауда жасайтын кез келген ел барлық саудаға 25 пайыздық баж салығын төлейтіні туралы мәлімдемесінен кейін бір күн өткен соң жасалды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Трамп әкімшілігі қажет болған жағдайда әскери нұсқаларды қолданудан бас тартпаса да, дипломатия АҚШ-тың Иранмен қарым-қатынас жасаудағы таңдаулы тәсілі болып қала беретінін айтты.

Айта кетейік, Ирандағы жағдай Вашингтонның жіті бақылауында. АҚШ президенті «Иранға қатысты ең қатаң нұсқаларды қарастырып жатырмыз» деп мәлімдеген болатын. 

Бұған дейін Дональд Трампқа Иранға қатысты әскери және өзге де әрекет тәсілдері таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар