Трамп Канаданы ұшақтарға 50% тариф саламын деп қорқытып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Оттаваға америкалық ұшақтарды сертификаттаудан бас тартқаны үшін жауап ретінде барлық канадалық ұшаққа 50% баж салумен қорқытты, деп хабарлайды CBS News. 

Трамп угрожает Канаде введением 50% пошлин на самолеты
Фото: gulfstream.com

- Канада бұрын-соңды жасалған ең керемет және технологиялық тұрғыдан ең озық ұшақтар қатарына жататын Gulfstream 500, 600, 700 және 800 реактивті ұшақтарын сертификаттаудан негізсіз және табанды түрде бас тартты. Осы арқылы біз Bombardier Global Express және Канадада шығарылған барлық ұшақты сертификаттау күшін жоямыз, - деп жазды Дональд Трамп Truth Social-да. 

Трамп көңілі қалғанын білдіріп, «Канада дәл осындай сертификаттау процесі арқылы Канадада Gulfstream өнімдерін сатуға іс жүзінде тыйым салып отыр» деді.

- Егер қандай да бір себептермен бұл жағдай дереу түзетілмесе, мен Америка Құрама Штаттарына сатылатын барлық ұшаққа 50% тариф енгізуді жоспарлап отырмын», - деп қорқытты Дональд Трамп. 

Gulfstream Aerospace – Джорджия штатының Саванна қаласында орналасқан америкалық компания. Трамп америкалық ұшақ өндірушісінің мүдделерін қорғау үшін Канаданың ең ірі ұшақ өндірушісі, Квебекте орналасқан Bombardier компаниясына жоғары баж салығын енгізуге дайын.

Осыған дейін Трамп Кубаға мұнай жеткізетін елдердің тауарларына баж салығын енгізетінін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум