Трамп Қатарда қандай келісімдер жасады
АСТАНА. KAZINFORM — Бірлескен мәлімдеме барысында Қатар әмірі Тамим ибн Хамад Әл Тани өткен келіссөзді мәнді деп атап, тараптар көптеген мәселені, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды талқылай алғанын айтты, деп хабарлайды ВВС.

Әмір Қатар мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас енді жаңа деңгейге шығады деген үмітін білдірді.
Дональд Трамп өз кезегінде «бұл бір-екі сағат уақыт қызық өткенін» және әңгімелесушілер «бүкіл әлемді, соның ішінде Ресей, Украина және Иранды талқылағанын» мәлімдеді.
Трамптың Қатар билігімен кездесуі оның сейсенбіде бір жарым күн өткізген Сауд Арабиясына сапарымен салыстырғанда әлдеқайда қысқа болды.
Дональд Трамптың Таяу Шығысқа сапарының бірінші күнінде АҚШ пен Сауд Арабиясы қорғаныс саласында 142 млрд долларлық келісімге қол қойды. АҚШ пен Қатар қол қойған құжаттардың ішінде қорғаныс саласындағы өзара түсіністік туралы келісім мен екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы декларация бар.
Сонымен қатар, америкалық тарап Qatar Airways құны 200 млрд доллардан асатын 160 Boeing ұшағына «рекордтық» тапсырыс және ұшқышсыз басқарылатын MQ-9B ұшақтарына тапсырыс бергенін хабарлады.
Құжаттарға қол қою рәсіміне сондай-ақ АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет, Қаржы министрі Скотт Бессент, Сауда министрі Говард Лютник және Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт қатысты.
Ақ үйдің Қатарда келіссөз өткен күнінің қорытындылары бойынша жарияланған баспасөз хабарламасында қол қойылған келісімдер елдер арасындағы экономикалық алмасу кемінде 1,2 трлн долларды құрайтынын, жасасқан мәмілелер көлемі 243 млрд доллардан асатыны айтылған.
Бұған дейін Трамп Эр-Риядта Сирия президентімен кездесті.
Ақ үй Қатар корольдік отбасымен Boeing 747 люкс ұшағын президенттік борт (Air Force One) ретінде пайдалану үшін АҚШ-қа беру туралы келіссөз жүргізді.