Трамп қазан айының соңында бизнесмендермен бірге Қытайға баруы мүмкін

ВАШИНГТОН. KAZINFORM – АҚШ Президенті Дональд Трамп осы күзде америкалық компания басшыларымен бірге Қытайға сапармен баруы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Трамп Солтүстік Атлантикалық келісімнің 5 бабына қатысты ұстанымын түсіндірді
Фото: Anadolu

Америкалық әкімшілік өкілдері кейбір компания жетекшілеріне хабарласып, 2025 жылы Ақ үй басшысын Қытай Халық Республикасына ықтимал сапарында бірге жүруге мүдделі ме, жоқ па – соны анықтауға тырысқан.

Қарастырылып жатқан ықтимал мерзімдердің бірі — қазан айының соңы. Бұл кезде Оңтүстік Кореяда Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті, ал Малайзияда Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының жоғары деңгейдегі кездесуі өтеді. АҚШ Президенті әдетте осы екі іс-шараға да қатысады.

Трамп алғашқы шетелдік сапарын Парсы шығанағындағы елдерге жасаған болатын. Ол сапарға қаржы, технология және өндіріс салаларындағы жетекші компаниялардың басшыларын ертіп барған. Сол кезде Президент энергетика, жасанды интеллект, чиптер, аэроғарыш өнеркәсібі және басқа да салаларды қамтитын миллиардтаған долларлық жаңа келісімдерге қол жеткізгенін жариялап, АҚШ-тың корпоративтік қуатын паш еткен.

Бұл жағдайға байланысты пікір білдіруді сұрағанда, АҚШ әкімшілігінің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Қытайға сапар қазіргі уақытта жоспарланып отырмағанын айтты. Сауда министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Айта кетейік, Бұған дейін АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Трамптың салықты азайту туралы заң жобасын мақұлдағанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар