АҚШ Қорғаныс министрлігінің атауы өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Қорғаныс министрлігін Әскери министрлік деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ТАСС.

Еще две тысячи военнослужащих перебрасывают в Лос-Анджелес – Пентагон
Фото: stripes.com

Трамп Қорғаныс министрлігін «Әскери министрлік» (Department of War) деп қайта атау туралы шешім шығарды.

— Менің ойымша, бұл қазіргі әлем ахуалын ескере отырып, әлдеқайда орынды атау, — деді Трамп Ақ үйде журналистермен кездесуі кезінде жарлыққа қол қою алдында. 

Оның айтуынша, Пентагон атауын өзгерту мәселесі бірнеше ай бойы талқыланған.

Өз кезегінде Трамп «әскери министр» деп атаған Пентагон басшысы Пит Хегсет Қорғаныс министрлігі болып өзгерген кезден бері (20-ғасырдың ортасы) АҚШ бірде-бір ірі соғыста жеңіске жетпегенін айтты. Оның пікірінше, бұрынғы атауға оралу ведомствоға «нақты әрі шешімді күрес жүргізуге» мүмкіндік беріп, «бітпейтін қақтығыстардың» алдын алуға сеп болады.

— Бұл ведомство енді жеңіліп қалмау үшін емес, жеңіс үшін соғысады, — деді Хегсет.

Айта кетейік, АҚШ-та Әскери министрлік 1789 жылдан 1947 жылға дейін болған. 1947 жылы ол Ұлттық әскери ведомствоға айналып, ал 1949 жылы Қорғаныс министрлігі деп қайта аталған.

Осыдан бұрын Трамп 2026 жылы Майами қаласында G20 саммиті өтетінін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар