Трамп миллиардер Скотт Бессентті жаңа қызметке ұсынды
АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Трамп миллиардер Скотт Бессентті қаржы министрі лауазымына ұсынды. Ол соңғы кездері Трамптың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды, деп жазды BBC.

Бессент Трамптың экономикалық бастамаларының көпшілігін, соның ішінде салықты азайту және шетелдік өнімдерге баж салығын арттыруды қолдайды. Ол сондай-ақ криптовалюта нарығын белсенді жақтаушы.
Айта кетейік бұл ұсыныс Сенаттың мақұлдауын талап етеді.
Бұған дейін Трамп өзінің болашақ әкімшілігіне алғашқы тағайындауларды жариялаған болатын. Содан кейін ол Пентагон мен ЦРУ басшыларын атады және Маскқа үкіметтің тиімділік департаментін басқаруды ұсынды.
Ол сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы лауазымына кіші Кеннедидің кандидатурасын ұсынды, АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ұлттық барлау басқармасының басшыларын және Ақүйдің жаңа баспасөз хатшысын тағайындады.
Сонымен қатар, Трамп АҚШ-тың энергетика министрі лауазымына Liberty Energy мұнай компаниясының басшысын таңдады.