Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын Ақ үйде қабылдайды

АСТАНА. KAZINFORM — 6 қараша күні түстен кейін Дональд Трамп Ақ үйде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттерімен жеке кездеседі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.  

Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын Ақ үйде қабылдайды
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

«С5+1» форматында өтетін кездесуде тараптар АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың болашағына қатысты бірқатар мәлімдеме жасайды деп күтіліп отыр. Сондай-ақ өзара өзекті мәселелер талқыланбақ.

Агенттік дереккөздерінің хабарлауынша, Орталық Азия мемлекеттерінің алдын ала келіп жұмыс істейтін делегациялары қазірдің өзінде Вашингтонға жеткен. Олар америкалық әріптестерімен бірге алдағы жоғары деңгейдегі кездесуге дайындалып жатыр.

Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын Ақ үйде қабылдайды
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

Айта кетейік, дәл сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30–да Вашингтондағы Джон Кеннеди атындағы орындаушылық өнер орталығының бір бөлігі саналатын The Reach Kennedy Center ғимаратында «C5+1 форматының он жылдығына арналған» іскерлік конференция өтеді. Бұл орталық — АҚШ-тағы ең ірі концерт және опера алаңдарының бірі.

Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын Ақ үйде қабылдайды
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

The Reach кешені павильондардан, репетициялық, музыкалық залдардан, дәріске және көпфункциялы кездесулерге арналған Вашингтондағы ең үлкен жасыл шатырдың үстінде орналасқан бөлмелерден тұрады. Кешеннің заманауи архитектурасы табиғатпен үйлесіп, қаланың тарихи нышандары — Вашингтон монументі мен Линкольн мемориалының көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді.

Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын Ақ үйде қабылдайды
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

Қазақстан делегациясының құрамында Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев болады.

Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын Ақ үйде қабылдайды
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

Бизнес конференция аясында АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірқатар сессия өтеді деп жоспарланып отыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, соның нәтижесінде көлік дәліздері мен жеткізу тізбектері, энергетика және аса маңызды пайдалы қазбалар, цифрландыру мен жасанды интеллект, бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылы сияқты бағыттар дами түседі.

Сонымен қатар жиналғандарға мәдени бағдарламалар мен С5+1 елдерінің ұлттық стендтері ұсынылмақ.

Еске салсақ, осыған дейін АҚШ Трамптың тапсырмасынан кейін алғаш рет баллистикалық зымыран сынағын өткізетіндігі хабарланған

Соңғы жаңалықтар